Малинен – «Қайрат» – «КуПС» матчы жайлы: алматылықтар бірінші болып гол соқпаса, мүмкіндік болмайды
29 шілде, 10:11

Фото: Юха Малинен
Қарағандылық «Шахтер» мен Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы бас бапкері Юха Малинен BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі «Қайрат» пен «КуПС» арасындағы қарымта матч туралы пікірімен бөлісті. Бірінші ойын 2:0 есебімен финляндиялық клубтың пайдасына аяқталған болатын.
«Өз алаңында «Қайрат» доппен батыл әрекет етуі керек. Бұл тұста жанкүйерлердің қолдауы маңызды рөл атқарады. Оларға бірінші голды соғу өте маңызды – онсыз матчты алып шығу мүмкін емес. Бірақ одан кейін де шабуылдап, прессинг жасап, агрессивті түрде ойнау қажет.
Бұл ретте қорғанысты да ұмытпау керек. КуПС – жақсы команда, бірақ айып алаңындағы қателіктердің құны қымбатқа түсуі мүмкін. Алға қойылған мақсатқа жету өте қиын», - деді Малинен.
Маман сондай-ақ Қазақстан мен Финляндиядағы футболды дамыту тәсілдерін салыстырды:
«Еурокубок пен ұлттық құрама матчтары футбол деңгейін салыстырудың ең жақсы тәсілі. Қазақстанда жастармен жұмыс онша алға қойылған жоқ. Жастар құрамалары тұрақты нәтижеге қол жеткізе алмай отыр. Ал Финляндияда керісінше: жастар мен жасөспірімдер құрамалары көбірек жеңіске жетіп, құрлықтық турнирлердің негізгі бөлігіне жолдама алуда. U-21 құрамасы Словакияда өткен Еуропа чемпионатында жақсы қырынан көрінді. Қазір сол командадағы 15 футболшы Еуропада ойнайды. Ал шетелде ойнап жүрген қазақстандықтар жоқтың қасы деп айтуға болады.
Мәселе легионерлердің көптігінде. Олар негізгі құрамда шығып, көп ойнайды. Негізінде жастарға мүмкіндік беріліп, соларды дамыту қажет», - деді Малинен.
Қос команда арасындағы қарымта матч 29 шілдеде Алматыда өтеді. Ойын жергілікті уақытпен 20:00-де басталады.
Юха Малинен Қазақстанда 2007 жылы жұмыс істеген. Ол Қарағандының «Шахтерын» және Қазақстан (U-21) жастар құрамасын жаттықтырды. Ал қазір Финляндия футбол қауымдастығының басқарма мүшесі болып жұмыс істеуде.
Бұған дейін финляндиялық маман 2007 жылғы ҚПЛ-дың қола медалін әлі күнге дейін алмағанын жеткізген еді.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Дмитрий Огай – «Астана» мен «Ақтөбенің» КЛ-дағы мүмкіндігі жайлы: екеуіне де оңай болмайды
1Турнирлік кесте













































































































