БАӘ – Өзбекстан матчының болжамы: 2026 жылғы ӘЧ жолындағы тартыс
03.06 20:45

Фото: Өзбекстан ұлттық құрамасы
5 маусым 2025 жылы Астана уақытымен 21:00-де Біріккен Араб Әмірліктерінің ұлттық құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу турнирінің үшінші кезеңінде Өзбекстан командасын қабылдайды. Матч Абу-Дабиде өтеді және маңызды ұпайлар үшін нағыз шайқас болмақ.
Командалардың формасы
БАӘ
Команда өз тобында үшінші орында тұр және Әлем чемпионатына тікелей жолдама алу үшін тек жеңіс керек. Сегіз турдан кейін төрт жеңіс, бір тең ойын және үш жеңіліс бар. Әмірліктер техниалық футболды ұстанып, допты бақылауға алады және шабуылдарды флангтар арқылы ұйымдастырады. Ерекше қауіпті ойыншы – жартылай қорғаушы Фабио Лима, ол шабуылға жиі қосылады.
Өзбекстан
Тимур Кападзенің шәкірттері екінші орында келеді және БАӘ-ден төрт ұпайға алда тұр. Сондықтан бұл матчта тең нәтиже де «ақ қасқырларға» Әлем чемпионатына жолдама береді. Өзбекстан сегіз матчтың біреуінде ғана жеңіліп, Иранмен екі рет тең түсті. Қалған бес ойында жеңіске жетті. Команданың күші – сенімді қорғаныс, әуедегі күрес және қарқынды прессинг. Шабуылда негізгі үміт – Эльдор Шомуродов.
Болжам
Матч өте тартысты және шиеленісті өтеді деп күтілуде. БАӘ допты бақылауға тырысып, шабуылды өрістетеді. Бірақ физикалық тұрғыдан мықты және тәртіпті ойнайтын Өзбекстан оларды еркін қимылдатпайды. Жеке кездесулер тарихы (бес матчтың үшеуінде өзбектердің жеңісі) да қонақтардың пайдасына жұмыс істейді.
Болжам: 1:1 тең ойын
Альтернативті ставка: екі команда да гол соғады – иә
Өзбекстан тең ойын жеткілікті болғандықтан, қорғанысты мұқият ұйымдастырып, қарсы шабуылдарға иек артады. Ал БАӘ өз жанкүйерлері алдында жеңіс іздейді. Қос команданың да жоғары мотивациясы және күштердің тең болуы тең ойынмен аяқталуы мүмкін.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
«Тұранның» экс-футболшысы Велкоски: Қазақстан құрамасының да көзір ойыншылары бар
1«Тұранның» экс-футболшысы: Македониялықтар Қазақстаннан үш ұпай алады деп үміттенемін
3Турнирлік кесте













































































































