«Зига-Заганы» естімегеніме өкінемін: Алексей Бага — Самородов, Левчук және ҚПЛ-дағы тәжірибесі турал

09.06 14:11

«Зига-Заганы» естімегеніме өкінемін: Алексей Бага — Самородов, Левчук және ҚПЛ-дағы тәжірибесі турал

Фото: Алексей Бага

Дәл қазіргі сәтте Қазақстан мен Беларусь футболында ұқсастықтар көп. Мысалы, «Торпедо-БелАЗ» клубының бапкерлік штабында 27 жастағы Біржан Хабит жұмыс істесе, ҚПЛ-да Вячеслав Левчук пен Виталий Жуковский бар. Сондай-ақ біздің чемпионатта бұл елдің 13 ойыншысы ойнайды екен. Бірнеше жыл бұрын Қазақстанға БАТЭ мен «Жальгиристе» жұмыс істеп, ерекше харизмасымен танылған беларусьтік бапкер Алексей Бага келіп кетті.

BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында «Ақтөбенің» бұрынғы бапкері:

  • пандемия кезінде Қазақстандағы жұмысын еске түсірді;
  • жергілікті футболшылардың қайсысын келесі клубында көргісі келетінін мойындады;
  • Конференция лигасында «Ордабасы» мен беларусьтардың кездесу мүмкіндігі жайлы ойымен бөлісті.

– Алексей Анатольевич, сіз «Ақтөбе» туралы үнемі жақсы сөздер айтасыз. Сол клубқа бапкер болып тағайындалғанда қандай сезімде болдыңыз?

– «Ақтөбе» – мол тарихы бар, еурокубокта өнер көрсеткен және Қазақстан чемпионы атанған клуб, онда көптеген тәжірибелі белорустар ойнаған: (Сергей) Яскович, (Андрей) Лаврик... Жанкүйерлері бар танымал стадион туралы естігенмін, сондықтан мұндай қызығушылық мені қуантты. Бұл ортаңқол немесе жоғары-төмен жылжып жүретін лифт-команда емес. Ол кезде мен үшін бұл сынақ қызық болып көрінді.

– Бапкерлік мансабыңыздағы ең үлкен клуб па?

– Олай айта алмаймын. «Ақтөбеге», қалаға және жанкүйерлерге құрметпен қараймын, бірақ «Жальгиристі» тізгіндеу мен үшін үлкен сынақ болды. Олар үш жыл бойы чемпион атанған жоқ, ал мен сол кезде БАТЭ-де жақсы нәтиже көрсетіп жүрдім. Сондықтан абыройыма нұқсан келтірмеу керек болды. Жолым болып, бірден чемпион атандық.

«Шахтёр» (Солигорск) да мансабымдағы жақсы сынақ болды. Жалпы, әр елде өз менталитетімен, тілімен жұмыс істегенде бұл жай іссапар емес, емтихан сияқты болады. Сондықтан мен «Ақтөбенің» беделін төмендетпей, жай ғана солармен теңестіріп отырмын.

– Ал Қазақстанда жағдайдың сіз қалағандай болмай жатқанын сезген кездегі алғашқы ойыңыз қандай болды?

– Маусым басындағы нәтижелер нашар болды. Келе салып екі матчта жеңіліп, сосын «Шахтёрдан» 0:3 есебімен ұтылып қалсаң, жаттықтырушы ретінде саған қатысты сұрақтар туындайтыны анық. Ал бастапқыда: клуб жоғары орындар үшін күреседі деп айтылды. Мұндай нашар нәтижеге бірнеше себептерді келтіруге болады: біріншіден кадр мәселесі, екіншіден біздің Алматыға қоныстанғанымыз, үшіншіден кейбір жігіттер Бірінші лигадан кейін ҚПЛ деңгейіне дайын болмады. Менің де қателігім жоқ емес.

Жалпы, мұның бәрі жұмыс сәттері болып саналады, бірақ, әрине, «Ақтөбеде» көбірек уақыт өткізгім келді. Өйткені біз басшылықпен және ойыншылармен жақсы қарым-қатынаста болдық. Мен жұмыстан кеткенімді философиялық тұрғыдан қабылдадым.

– Ол кезде жасыңыз 40-та еді. Жас жаттықтырушы ретінде мұндай отставка сізге ауыр тиген жоқ па?

– Жоқ, жоқ, бұлай болуы мүмкін емес. Мұндай жағдайларда қорытынды жасап, алға қарай жылжу керек. Әрбір отставканы немесе сынды осылай қабылдасаңыз, бапкер ретінде ұзаққа бармайсыз. Оның үстіне, «Ақтөбемен» жақсы қоштастық – заң жүзінде және адами қарым-қатынаста еш қиындық болған жоқ. Әлі де жігіттермен араласып тұрамын.

– Қазақстанға келер алдында Александр Седневпен сөйлестіңіз бе және кеткеннен кейін Қазақстандағы жұмысыңызды талқылаған шығарсыз? Өйткені, ол сізден көп уақыт бұрын «Ақтөбені» жаттықтырды.

– Бұрын да, кейін де сөйлеспедік, бірақ «Ордабасымен» болған тең ойыннан (4:4) кейін ұзақ әңігемелестік. Автобустың қасында драмаға толы ойын туралы біраз сөйлестік. Минскідегі курстарда да жолымыз түйісетін еді, бірақ мен оны сол матчқа дейін мазаламадым, оның үстіне ол басқа қазақстандық командада жұмыс істеп жүрген болатын.

Пандемия кезі болғандықтан, біз 45 күнді оқу-жаттығу жиындарында өткіздік: жаңадан келген футболшыларды қарадық, спаррингтік матчтар мен жаттығулар өткіздік. Сондықтан ешкімге хабарласпай, өзім ақпарат жинадым.

– «Трибуна» порталына берген сұхбатыңызда сіз жұмысыңыздың айналасында жағымсыз фон жасайтын адамдардың бар екенін және мұның біреуге пайдалы екенін айтыпсыз.

– Жеңілісті әртүрлі етіп сипаттауға болады. Мен нақты ешкімді тұспалдаған жоқпын, өйткені Қазақстанда көп уақыт жұмыс істемедім, бірақ кез-келген нәтижені өзіме ыңғайлы етіп жеткізе аламын. Мысалы үш жеңілістің өзін бапкердің пайдасына шешуге болады: «Ол әлі өз стилін іздеуде», «Өзіне оңтайлы құрамды табуы керек» немесе «Шыдамдылық танытайық» деген сылтаулармен.

Бұл Қазақстандағы таныстарымды арттырған үлкен тәжірибе болды, кінәлілерді іздемеймін. Бұл әлсіздіктің көрінісі немесе сылтау сияқты көрінеді. Бірақ, мен сол Әзірбайжан мен Ресейде сезінгенімдей, сырттан келсең, өзіңді бөтен сезінесің. Бірақ бұған дайын болуыңыз керек, себебі бұл барлық лигаларда болатын жағдай. Айналамдағы адамдардың барлығына тек жақсылық тілеймін.

– Ал сізге ақтөбелік фан-сектор ұнады ма?

– Теледидардан көріп немесе Қобыландыда ойнаған белорустардан олар жайлы естігенде денем тітіркеніп кетеді. Өкінішке орай, сол COVID маусымында мен Зига-Заганы ести алмадым – трибуналар бос болды. Жалғыз қолдауды тек Таразда көрдім. «Қызылжарға» қарсы да жақсы сектор жиналды, соңғы минуттарда (1:2) (Дидар) Жалмұқан мен (Рифат) Нұрмұғамет гол соқты, бірақ бәрібір Қобыландыдағыға жетпейді. 

Жігіттердің айтуына қарағанда, мұндағы атмосфера керемет. Футболшылар сол жанкүйерлерді әрі қарай да қуанта берсін деп тілеймін, оның үстіне, қазір «Ақтөбені» біздің маман жаттықтыруда.

– Біз Беларусь пен Қазақстанның байланысы туралы көп айтамыз, бірақ бір-біріне ұқсамайтын елдер. Біздің елге келіп, мәдениеті жағынан қиындыққа тап болған жоқсыз ба?

– Жоқ, бұл жағынан ешқандай соққы болған жоқ. Алғашқы күндерден-ақ маған құрмет көрсетілді: басшылықпен FaceTime арқылы таныстым, кейін Берік және Азикпен (әкімшілер – ред.) кездестім. Көзге бірден түсетін жалғыз нәрсе – инфрақұрылымдағы айырмашылық. Мен Литва туралы айтып отырған жоқпын, өйткені ол жақта синтетикалық алаңмен жабдықталған шағын стадиондар көп – тек «Жальгиристе» (Каунас) ғана заманауи алаң. Ал Беларусь олардан бір бас жоғары тұр.

«Қайратты» және оның академиясын есептемегенде, Беларусьтің әрбір облыс орталығында тамаша ареналар бар. Бірақ Қазақстанда тамақ және климат жағынан проблема жоқ.

– Сіз Қазақстандағы логистика мәселесін айтып өттіңіз. Тағы бірдеңе есіңізде ме?

– Біз Алматыдан Ақтөбеге оралған кезде базада тұрдық. Мен алаң анық көрініп тұратын бөлмеде тұрдым. Бірақ қараңғы түскенде арнайы мамандар Қобыландыдағы жарықты тексере бастады. Сондықтан түні бойы жағулы тұрған прожектордың астында ұйықтадым, өзімді тура бір матчта жүргендей сезіндім (күлді).

Бір матчқа барар кезде автобуспен ұзақ жол жүрген кезіміз де болды. Беріктен: «Көлікке бірдеңе болып қалса ше?» деп сұрасам, ол маған: «Уайымдама, ішінде ұйықтайтын орын да бар, бірдеңе болса сол жерге жатасың» деді (күлді). Беларусьтен кейін мұндай ұзақ сапарларды елестете алмадым, бірақ бұған дайын болдым. Саяхаттау, ұшу, оқу-жаттығу жиындары – бұл бапкерлік мансаптың бір бөлігі. Мен Ресейде де осындай нәрсені кездестірдім: ол жақта да автобуспен, пойызбен ұзақ уақыт жүретінбіз.

Мұндай сәттер бізді жақындастырады. Қызметкерлермен бірге жүресіз, сөйлесесіз және солармен бірге ұйықтайсыз. Сапар кезінде музыка тыңдап, кітап оқуға болады, кабинада серуендеп, жігіттермен сөйлесе аласыз. Мұның да өзіндік бір романтикасы бар. Бірақ Ақтөбедегі прожекторлар бөлек тақырып (күлді). Таңғы 6-7-ге дейін матчта жүргендей болдым.

Сол жерде жатып: «Уау, үйден мыңдаған шақырым жерде мен стадионда түнеп жатырмын» деп ойлағаным есімде. Онда өзімді керемет сезіндім. Дәрігер мен әкімші таңертең ерте келгендіктен, солармен кофе ішіп, жаттығу алдында сөйлесіп алдық. Бұл жақсы оқиға болды.

– «Ақтөбеден» кейін жұмыс істеген клубтарыңызда ҚПЛ нарығына жиі көңіл бөлгеніңіз туралы ақпарат бар. Макс Эбонгты «Сумгаитта» көргіңіз келгені рас па? Назарыңызда басқа да ойыншылар болды ма?

– Мен Әзірбайжаннан кеткеннен кейін Макстың есімі көп атала бастады. Оның трансферіне араласқан жоқпын, өйткені оған қатысты шарттарды білетінмін, себебі ол еурокубокте дүркіреп жүрген «Астанада» ойнап жүрді. Сондықтан Эбонгты алу қиын болар еді. Рифаттан (Нұрмұғамет) басқа мен белорустарды көп бақыладым, ал (Максим) Самородовты алуға мүмкіндік болмады.

«Астана», «Қайрат» және басқа да қазақстандық командаларда тамаша ойыншылар бар: Саша Мартынович, Корзун, (Сергей) Игнатович. Жалпы, белорустар да жақсы ойнайды, несін жасырайын?

– Және жаттықтырушылар. Дәл қазір сол Виталий Жуковский «Тұранды» жаттықтыруда.

– Виталий тамаша жұмыс істейді. Біз онымен жиі араласамыз. Ол тамаша жігіт: бір жерде тұрақтап, команда құра алады. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Жуковский мен көмекшілеріне сәлем жолдаймын.

– Жаңа Самородов туралы айттыңыз. «Ахматтың» қазіргі жағдайын ескерсек, оның осы жазда басқа клубқа ауысқаны дұрыс па?

– Максқа келсек, алғашқы күннен бастап оның шынайылығына ғашық боласың. Жаттығу кезіндегі оның көздері мен балаша ынта-жігері... Бірде оқу-жаттығу жиынында, «Аланияның» қақпасына үш гол соққаннан кейін (3:4) (Игорь) Прохницкий маған: «Иә, бұл Самородов шынымен де мықты екен!» деді. Мен онымен байланыста болғаныма өте қуаныштымын.

Максимнің мансабы мүмкіндігінше жақсы болсын. Ол өзін РПЛ деңгейінде көрсетіп, ұлттық құраманың мүшесі болған дарынды жігіт, бірақ бұл оның шыңы емес.

– Қазір «Ақтөбені» тағы бір беларусь – Вячеслав Левчук жаттықтыруда. Сіз оны бапкер ретінде білесіз бе? Оның нәтижелерін бақылайсыз ба?

– Біз Минскіде Pro санатында оқып жүрген кезімізде Левчук топтың жетекшісі болды, бұл көп нәрсені аңғартады. Ол жинақы, көп оқыған білімді адам: «Шерифте», украин футболында көп жұмыс істеді. Селекционер және менеджер болды. Әдеби тілмен айтсақ, ол позитивті кейіпкер.

Мен барлық жерлестерімді қайда жүрсе де, бақылап отырамын. Кипрде (Алексей) Шпилевский және (Артем) Радьков, Индонезияда Игорь Николаевич Криушенко болды.

– Ал егер Левчукты Жуковскиймен салыстырсақ?

– Оларды салыстыру дұрыс болмас еді, бірақ Виталик туралы жақсы пікірлер айтылып жүр. Левчук те мықты командаға келді және оның қатарынан бес матчта жеңгені бекер емес. Қазақстандық әріптестер бұл мамандарды басқаша бағалауы мүмкін, бірақ, менің ойымша, «Ақтөбе» мен «Тұранның» жолы болды. 

– Былтырғы «Атырау» мен биылғы «Тұран» – мүмкіндігі шектеулі командалар. Жуковский бұдан да мықты команданы баптауға дайын ба?

– Виталийдің қолында жақсы ақшасы бар және жоғары орындар үшін күресетін клубтан ұсыныс болса, ол шақыртуды қабылдайды. Жуковский Борисовта Анатолий Капский (басқарма төрағасы – ред.) қайтыс болған қиын кезеңде жаттықтырушы болып, жақсы нәтиже көрсетті. Мүмкін БАТЭ Еуропада онша жақсы өнер көрсетпеген шығар, бірақ кейін Кубокты жеңіп алды.

Виталик «Ислочьта» да ұзақ жолды жүріп өтті және Қазақстанда бірнеше маусым бойы еңбек етуде, сондықтан ол үлкен клубта жұмыс істеуге қабілетті.

– Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңінде «Ордабасы» «Неманға» түсуі мүмкін. Бұл текетірес туралы не айтасыз?

– Олар жақында ғана Кубок жеңіп алды (Торпедо-БелАЗ-ға қарсы 3:0), сондықтан бұл текетірес қызықты болады. Соңғы жылдары «Неманда» кадрлық ауыс-түйіс болған жоқ және құрамы жақсы үйлестірілген. Ішінде ұлттық құраманың мүшелері мен ойламаған жерден бірдеңе ойлап табатын футболшылары бар. Егер бәрі ойдағыдай болса, бұл жарқын жұп болады.

– Бірақ соңғы жылдары Беларусь чемпионатының да, Қазақстан чемпионатының да деңгейі біршама төмендегенімен келісесіз бе?

– Иә. Премьер-лигада жалақыға шектеулер қойылды, енді жігіттер жақсы нұсқалар іздеуде. Мұндай шарттарға кез-келген легионер келіспейді. Сондықтан да болар, БАТЭ осыдан 5-6 жыл бұрынғы еурокубоктарда дүркіреп, Сербия, Черногория, Исландия және Финляндия құрамаларының ойыншылары болған кездегі деңгейде емес. Қазір бәрі басқаша.

Бізде жастар өте көп. Бір жағынан, бұл Самородов сияқты өзіңді дәлелдеуге жақсы мүмкіндік, екінші жағынан, жас болғандықтан, тұрақсыз ойнайды. Демек, біздің чемпионатта нақты көшбасшы жоқ және ойын деңгейі түсіп кетті.

– Шағын ойын: Мен қазір ҚПЛ-да ойнайтын беларусьтік футболшының атын атаймын, ал сіз оны екі сөзбен сипаттайсыз. Валерий Громико.

– Керемет сол аяқ, нағыз диспетчер.

– Никита Корзун.

– Жүрегі кең, барын салады. Сенімді адам.

– Николай Сигневич.

– Шабуылдағы киллер. Ол айып алаңына ұшқан доптың бәріне жетеді және ең бастысы жеңіс голдарын соға алады.

– Александр Мартынович.

– Кәсібилігі мол және «Краснодар» аңызы. Ол «Қайратқа» тек футболға деген сүйіспеншілігінің арқасында барған. Отбасын жақсы көреді, осындай жаста ұлттық құрама капитаны!

– Игорь Стасевич.

– Аңыз. 2018/19 жылғы Еуропа лигасының ең үздік ассистенті, 558 титул және керемет нәтижелі пас.

Тағы да оқыңыз

Кеше, 17:16

«Ақтөбе» «Қызылжарды» сырт алаңда жеңе ала ма ҚПЛ ойынына болжам

Кеше, 17:12

«Жетісу» мен «Қайрат» ойыны қалай аяқталады? 12 тур ойынына болжам

Кеше, 15:43

«Шалькедегі» жас таланттың әкесі: Оның Қазақстан құрамасына шақыртылуына оң көзқараспен қараймыз

Кеше, 12:35

«Ақтөбенің» экс-бапкері: Басқа елде өзіңді бөтен сезінесің

Кеше, 10:28

Бага – Самородов туралы: РПЛ – оның бағындыратын шыңы емес

Кеше, 08:04

Қазақстан құрамасында ойнағысы келетін 17 жастағы түрік қақпашысы «Жеңіспен» бірге жаттығуда

Басты жаңалықтар

Ұлтық құрама   Кеше, 15:43

«Шалькедегі» жас таланттың әкесі: Оның Қазақстан құрамасына шақыртылуына оң көзқараспен қараймыз

1
ҚПЛ   Кеше, 12:35

«Ақтөбенің» экс-бапкері: Басқа елде өзіңді бөтен сезінесің

2
Ұлтық құрама   Кеше, 10:28

Бага – Самородов туралы: РПЛ – оның бағындыратын шыңы емес

3
ҚПЛ   Кеше, 08:04

Қазақстан құрамасында ойнағысы келетін 17 жастағы түрік қақпашысы «Жеңіспен» бірге жаттығуда

4
ҚПЛ   12.06 14:13

«Динамо Тбилиси» түлегі «Ұлытауға» ауысады

5
Халықаралық футбол   11.06 19:43

Қазақстандық футболшы «Генкпен» бірге халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан. Премьер-лига
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Астана
12
8
3
1
13
27
2
Қайрат
12
8
2
2
16
26
3
Ақтөбе
12
8
1
3
10
25
4
Тобыл
10
7
2
1
13
23
5
Оқжетпес
11
6
2
3
3
20
6
Елімай
11
5
2
4
4
17
7
Ордабасы
10
4
3
3
2
15
8
Қызылжар
11
3
4
4
-2
13
9
Тұран
11
3
2
6
-2
11
10
Қайсар
12
2
5
5
-10
11
11
Жетісу
11
1
6
4
-8
9
12
Ұлытау
11
2
2
7
-11
8
13
Жеңіс
11
0
7
4
-5
7
14
Атырау
13
1
1
11
-23
4
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Ливерпуль
38
25
9
4
45
84
2
Арсенал
38
20
14
4
35
74
3
Манчестер Сити
38
21
8
9
28
71
4
Челси
38
20
9
9
21
69
5
Ньюкасл Юнайтед
38
20
6
12
21
66
6
Астон Вилла
38
19
9
10
7
66
7
Ноттингем Форест
38
19
8
11
12
65
8
Брайтон
38
16
13
9
7
61
9
Борнмут
38
15
11
12
12
56
10
Брентфорд
38
16
8
14
9
56
11
Фулхэм
38
15
9
14
0
54
12
Кристал Пэлас
38
13
14
11
0
53
13
Эвертон
38
11
15
12
-2
48
14
Вест Хэм
38
11
10
17
-16
43
15
Манчестер Юнайтед
38
11
9
18
-10
42
16
Вулверхэмптон
38
12
6
20
-15
42
17
Тоттенхэм
38
11
5
22
-1
38
18
Лестер Сити
38
6
7
25
-47
25
19
Ипсвич
38
4
10
24
-46
22
20
Саутгемптон
38
2
6
30
-60
12
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Барселона
38
28
4
6
63
88
2
Реал Мадрид
38
26
6
6
40
84
3
Атлетико Мадрид
38
22
10
6
38
76
4
Атлетик Бильбао
38
19
13
6
25
70
5
Вильярреал
38
20
10
8
20
70
6
Бетис
38
16
12
10
7
60
7
Сельта
38
16
7
15
2
55
8
Райо Вальекано
38
13
13
12
-4
52
9
Осасуна
38
12
16
10
-4
52
10
Мальорка
38
13
9
16
-9
48
11
Реал Сосьедад
38
13
7
18
-11
46
12
Валенсия
38
11
13
14
-10
46
13
Хетафе
38
11
9
18
-5
42
14
Эспаньол
38
11
9
18
-11
42
15
Алавес
38
10
12
16
-10
42
16
Жирона
38
11
8
19
-16
41
17
Севилья
38
10
11
17
-13
41
18
Леганес
38
9
13
16
-17
40
19
Лас-Па́льмас
38
8
8
22
-21
32
20
Вальядолид
38
4
4
30
-64
16
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Бавария
34
25
7
2
67
82
2
Байер 04
34
19
12
3
29
69
3
Айнтрахт Франкфурт
34
17
9
8
22
60
4
Боруссия Дортмунд
34
17
6
11
20
57
5
Фрайбург
34
16
7
11
-4
55
6
Майнц
34
14
10
10
12
52
7
РБ Лейпциг
34
13
12
9
5
51
8
Вердер
34
14
9
11
-3
51
9
Штутгарт
34
14
8
12
11
50
10
Боруссия М
34
13
6
15
-2
45
11
Вольфсбург
34
11
10
13
2
43
12
Аугсбург
34
11
10
13
-16
43
13
Унион Берлин
34
10
10
14
-16
40
14
Санкт-Паули
34
8
8
18
-13
32
15
Хоффенхайм
34
7
11
16
-22
32
16
Хейденхайм
34
8
5
21
-27
29
17
Хольштайн Киль
34
6
7
21
-31
25
18
Бохум
34
6
7
21
-34
25
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Наполи
38
24
10
4
32
82
2
Интер Милан
38
24
9
5
44
81
3
Аталанта
38
22
8
8
41
74
4
Ювентус
38
18
16
4
23
70
5
Рома
38
20
9
9
21
69
6
Фиорентина
38
19
8
11
19
65
7
Лацио
38
18
11
9
12
65
8
Милан
38
18
9
11
18
63
9
Болонья
38
16
14
8
10
62
10
Комо
38
13
10
15
-3
49
11
Торино
38
10
14
14
-6
44
12
Удинезе
38
12
8
18
-15
44
13
Дженоа
38
10
13
15
-12
43
14
Верона
38
10
7
21
-32
37
15
Кальяри
38
9
9
20
-16
36
16
Парма
38
7
15
16
-14
36
17
Лечче
38
8
10
20
-31
34
18
Эмполи
38
6
13
19
-26
31
19
Венеция
38
5
14
19
-24
29
20
Монца
38
3
9
26
-41
18
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
ПСЖ
34
26
6
2
57
84
2
Марсель
34
20
5
9
27
65
3
Монако
34
18
7
9
22
61
4
Ницца
34
17
9
8
25
60
5
Лилль
34
17
9
8
16
60
6
Лион
34
17
6
11
19
57
7
Страсбур
34
16
9
9
12
57
8
Ланс
34
15
7
12
3
52
9
Брест
34
15
5
14
-7
50
10
Тулуза
34
11
9
14
1
42
11
Осер
34
11
9
14
-3
42
12
Ренн
34
13
2
19
1
41
13
Нант
34
8
12
14
-13
36
14
Анже
34
10
6
18
-21
36
15
Гавр
34
10
4
20
-31
34
16
Реймс
34
8
9
17
-14
33
17
Сент-Этьен
34
8
6
20
-38
30
18
Монпелье
34
4
4
26
-56
16