«Астана» нигериялық шабуылшысымен қош айтысады
09.07 11:15

Фото: Ннамди Аханону
Елордалық «Астана» клубының шабуылшысы Ннамди Аханону жазғы трансферлік терезеде командадан кетеді, деп хабарлайды BorodAbata.kz.
23 жастағы нигериялық форвард биылғы маусымда құрамдағы бәсекеге төтеп бере алмай, ҚПЛ аясында тек бір ғана матчқа қатысты. Қыста «Астана» оны жалға бермек болды, алайда футболшының жоғары жалақысы бұл келісімге кедергі келтірді. Сәуір айында Аханонудың көкшетаулық «Оқжетпеске» ауысуы жүзеге аспады.
Шабуылшыға Қазақстан ішіндегі қызығушылық бар. Оған үміткер клубтардың қатарында шабуыл шебін күшейтуді көздеп отырған «Жетісу» да бар.
Айта кетейік, «Астанаға» ауысардың алдында Аханону албаниялық «Скендербеу» сапында тұрақты түрде гол соққан — 18 ойында тоғыз доп. Сонымен қатар, ол Албанияның «Турбина» клубында 26 матчта алты голдың авторы атанған.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Жоржиньо – ЧЛ келесі кезеңіне өту жайлы: егер жұмыс істеуді жалғастырмасақ, бұл жеңістің маңызы жоқ
2Жоржиньо – «Олимпияны» жеңуі жайлы: жанкүйерлердің қолдауы бізге күш берді
3Турнирлік кесте













































































































