Мәулен – қазақ футболындағы кландар туралы: олар мені өздеріне тартқысы келген
Кеше, 08:55

Фото: Ермұхаммед Мәулен
Соңғы жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз хатшысы болып қызмет атқарған Ермұхаммед Мәулен қазақ футболын басқарып отырған адамдар жайлы пікір білдіріп, алдағы уақытта шетелге кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды BorodAbata.kz.
«Қазір «Жігер» мен «Намыс» командалары келісілген матч ойнап жатыр десем, олар мені сотқа береді. Ол кезде мен құтыла алмаймын. Қазақ футболы жанкүйерлерінің көзі ашылсын деп ағартушылықпен айналыссам, маған қоңырау шалып, қоқан-лоқы көрсетеді. Себебі, қазір қазақ футболында неше түрлі бандиттер бар.
Қазақ футболы төрт кланға бөлінген. Төртеуі төрт жақтан WhatsApp арқылы басқарып отыр. Мен оларды білемін, әрқайсысымен жеке сөйлесіп шыққанмын. Олар мені өздеріне тартқысы келген. Бірақ өліп кетсем де, олармен бірге жұмыс істемеймін. Бұл дұрыс емес. Әділдік қайда қалды? Бұл таза «ақшаға сатылу» ғой.
Сондықтан алысқа, ешкім білмейтін жерге көшіп кетіп, телеграм арнамда осыларды жазып, әр тур сайын масқарасын шығарып отырсам, қырғынның көкесі сонда болмай ма?! Сол кезде олар мені сотқа бере алмайды. Соңғы кездері заңгерлермен сөйлесіп, құқықтық сауаттылығымды арттырып жүрмін. Олардың айтуынша, команданың атын атамай, жанамалап жеткізсем болады екен. Ал нақты айтсам, клубтар мені сотқа береді. Ол кезде жеңіп шыға алмаймын. Шетелге кетсем, бетімен кеткен ақпараттарды айтуды жоспарлап отырмын», – деді Мәулен Sadaq Media ютуб-арнасына берген сұхбатында.
Ермұхаммед Мәулен бірнеше апта бұрын ҚФФ-дағы қызметінен кеткен болатын.
Тағы да оқыңыз
Кеше, 14:23
Матия Ром: Словения мен Қазақстан чемпионаттарының өзіне тән ерекшеліктері бар, салыстыру оңай емес
Кеше, 12:08
«Жеңіс» сапындағы словениялық легионер: «Қайрат» Люблянада өзіне қажет нәтижеге қол жеткізді
Басты жаңалықтар
ҚПЛ Кеше, 14:23
Матия Ром: Словения мен Қазақстан чемпионаттарының өзіне тән ерекшеліктері бар, салыстыру оңай емес
1
Ұлттық құрама Кеше, 13:35
Ермұхаммед Мәулен: қазір ұлттық құрамада ойнағысы келмейтін футболшылар бар
2Турнирлік кесте
Қазақстан. Премьер-лига
#
Команда
Ұпай
1

37
2

36
3

32
4

31
5

24
6

24
7

20
8

17
9

16
10

13
11

13
12

12
13

11
14

5
#
Команда
Ұпай
1

84
2

74
3

71
4

69
5

66
6

66
7

65
8

61
9

56
10

56
11

54
12

53
13

48
14

43
15

42
16

42
17

38
18

25
19

22
20

12
#
Команда
Ұпай
1

88
2

84
3

76
4

70
5

70
6

60
7

55
8

52
9

52
10

48
11

46
12

46
13

42
14

42
15

42
16

41
17

41
18

40
19

32
20

16
#
Команда
Ұпай
1

82
2

69
3

60
4

57
5

55
6

52
7

51
8

51
9

50
10

45
11

43
12

43
13

40
14

32
15

32
16

29
17

25
18

25
#
Команда
Ұпай
1

82
2

81
3

74
4

70
5

69
6

65
7

65
8

63
9

62
10

49
11

44
12

44
13

43
14

37
15

36
16

36
17

34
18

31
19

29
20

18
#
Команда
Ұпай
1

84
2

65
3

61
4

60
5

60
6

57
7

57
8

52
9

50
10

42
11

42
12

41
13

36
14

36
15

34
16

33
17

30
18

16