Огай – Қызылордадағы жаңа стадион туралы: ақша құртудың не қажеті бар?
25 шілде, 14:30

Фото: Дмитрий Огай
Танымал қазақстандық бапкер Дмитрий Огай BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында жасанды төсенішті сынға алып, Қызылордадағы жаңа стадионның құрылысы туралы айтты.
«Азияда жасанды алаңда ойнауға тыйым салмақшы. Белгілі бір турнирлер аясында тамыз айына дейін ойнауға рұқсат береді, содан кейін тыйым салады. Бұл Азияда. Мен УЕФА аясында өтетін барлық турнирлердің табиғи төсеніште өткенін қалаймын. Ұлттық құрама матчтары мен еурокубоктың топтық кезеңіндегі ойындардың неліктен жасанды төсеніште өтетінін түсінбеймін.
Қазір Қызылордада жаңа стадион салынып жатыр. Олардың синтетикалық төсенішпен жабдықталған ескі стадионы да бар. Енді жаңа стадионға неге синтетикалық жабын төсеу керек? Әсіресе, Қызылорда сияқты өңірде. Жазда +40 градус болады. Осындай температурада жасанды төсеніште ойнаудың қандай екенін елестете аласыз ба? Мұны түсіну үшін футболшылардан +40 градуста алаңға шыққанда не сезінетінін сұрау керек. Онда ойнау мүмкін емес. Бәрі жанып жатыр.
Қызылордадағы жаңа стадионда тек чемпионат матчтары мен еурокубоктың іріктеу ойындары ғана өтеді, бірақ команда топтық кезеңге шықса, ойнауға болмайды. Нонсенс деп осыны айтады. Егер жаңа стадион салсаңыз, оны УЕФА-ның барлық талаптарына сай етіп жасауыңыз керек. Олай жасамаса, ақша құртудың не қажеті бар?
Біздің ұлттық құрама Астанадағы жасанды төсеніште ойнайды. Тым болмаса табиғи төсеніші бар бір стадион салуға болады ғой деп ойлаймын. Мұндай алаңда ойнау жақсы әсер сыйлайды. Ал синтетикада доп тебу спортзалында футбол ойнағанмен бірдей», - дейді Огай.
Қызылордадағы жаңа стадион тамыз айына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда – онда Қазақстан Кубогының финалы мен жастар арасындағы ұлттық құрама матчтары өтуі мүмкін.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Ұлттық құрама 25 шілде, 19:41
Ресей құрамасының экс-қорғаушысы Зайнутдиновтың «Динамоға» ауысуы туралы: Түркиядан ұсыныстар бар
1Турнирлік кесте
Қазақстан. Премьер-лига
#
Команда
Ұпай
1

40
2

37
3

35
4

33
5

27
6

25
7

23
8

23
9

19
10

16
11

14
12

13
13

11
14

8
#
Команда
Ұпай
1

84
2

74
3

71
4

69
5

66
6

66
7

65
8

61
9

56
10

56
11

54
12

53
13

48
14

43
15

42
16

42
17

38
18

25
19

22
20

12
#
Команда
Ұпай
1

88
2

84
3

76
4

70
5

70
6

60
7

55
8

52
9

52
10

48
11

46
12

46
13

42
14

42
15

42
16

41
17

41
18

40
19

32
20

16
#
Команда
Ұпай
1

82
2

69
3

60
4

57
5

55
6

52
7

51
8

51
9

50
10

45
11

43
12

43
13

40
14

32
15

32
16

29
17

25
18

25
#
Команда
Ұпай
1

82
2

81
3

74
4

70
5

69
6

65
7

65
8

63
9

62
10

49
11

44
12

44
13

43
14

37
15

36
16

36
17

34
18

31
19

29
20

18
#
Команда
Ұпай
1

84
2

65
3

61
4

60
5

60
6

57
7

57
8

52
9

50
10

42
11

42
12

41
13

36
14

36
15

34
16

33
17

30
18

16