Оразов – қазақ тілі туралы: енді үйрене бастағанда, бәрі үстіңнен күледі
Бүгін, 10:05

Фото: Рамазан Оразов
Қазақстан құрамасы мен даниялық «Силькеборгтың» жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында қазақ тіліне қатысты проблемасының бар екенін мойындады.
– Сен қазақ тілін жақсы түсінгеніңмен, еркін сөйлей алмайсың. Осыған қатысты жанкүйерлер тарапынан наразылық бар ма?
– Өз ойымды ана тілде жеткізе алмайтыным жанымды қынжылтады. Қазақша жақсы түсінемін, ата-анам, отбасым қазақша жақсы сөйлеседі. Бұл мендегі шешуді қажет ететін үлкен проблема. Жұбайыммен де қазақ тілінде көп сөйлеспейміз. Үйде орысша сөйлесеміз. Үлкен ұлымыз да орысша сөйлейді. Бұл мәселе бойынша жұмыс істеуіміз қажет. Мен өз ойымды ана тілінде еркін жеткізгім келеді.
Макстан [Самородов] сұрасаңыздар болады. Біз 2022-2024 жылдары бірге тұрдық. Екеуміз сұхбатты қазақ тілінде беру үшін дайындалдық. Ұлттық құрамадағы жігіттермен қазақ тілінде көбірек сөйлесуге тырыстым. Бірақ енді ғана қазақ тілінде сөйлей бастағанда, адамдардың үстіңнен күлетіні жаныңа батады. Бұл ана тілде сөйлеуді үйрене бастаған адамдарда кездесетін күрделі мәселе. Күлмей, керісінше, қолдауымыз қажет. Мен Қазақстанда адамдардың қазақша сөйлегенін қалаймын. Өйткені бұл біздің ана тіліміз. Орыс тіліне қарсы емеспін, бірақ қазақ тілін білген дұрыс деп санаймын.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Оразов – қазақ тілі туралы: енді үйрене бастағанда, бәрі үстіңнен күледі
2Турнирлік кесте













































































































