Стас Покатилов Әзербайжан мен Қазақстан чемпионатын салыстырды
04.07 19:50

Фото: Стас Покатилов
«Сабах» клубында ойнап жүрген 32 жастағы қақпашы Стас Покатилов BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында Әзербайжан мен Қазақстан чемпионатын салыстырды.
– Сен қос елдің чемпионаты бір деңгейде деп айттың. Бірақ Әжербайжан біріншілігіндегі жылдамдық жоғары секілді.
– Неге солай көрінетінін білесің бе? Себебі алаңның сапасы жақсы. Қос чемпионаттағы ойыншылардың деңгейі бір-бірімен шамалас. Бірақ мұндағы алаңдар футболшыға өзінің ең жақсы қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Ал Қазақстанда ойыншылар нашар төсеніште ойнауға мәжбүр.
– Біздің елде легионерлер саны азаюда, ал Әзербайжанда керісінше, негізгі құрамда тек шетелдік футболшылар ойнайды. Мұның қандай пайдасы немесе зияны бар?
– Келесі жылы Әзербайжанда легионерлерге қатысты лимитті алып тастайды. Бұл чемпионаттың деңгейін көтеруге көмектеседі, бірақ жергілікті футболшылар үшін бұл жақсы жаңалық емес.
– Жергілікті футболшыларды салыстыра кетсең: бұл жағынан Қазақстанның ойыншылары мықты ма, әлде, Әзербайжан ба? Қос құрама кездескенде, біресе біз жеңеміз, біресе олар жеңеді.
– Бұл сұраққа өзің жауап бердің. Деңгейіміз бір деп ойлаймын.
Қазақстан мен Әзербайжан құрамалары осыған дейін бір-бірімен 12 рет кездескен. 5-де Қазақстан, 4-де Әзербайжан жеңіске жетсе, қалған 3 ойында тең нәтиже тіркелді.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Турнирлік кесте













































































































