Өзбекстанның экс-қорғаушысы – әлем чемпионаты жайлы: Қазақстанға өз бағдарламасын жасау керек
27 шілде, 12:52

Фото: Олег Сабиров
Өзбекстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы, «Тобылмен» бірге Қазақстан чемпионы атанған Олег Сабиров BorodAbata.kz тілшісіне Қазақстанда неліктен жүйелі дайындықтың жоқтығын айтып, даму жолдарын Өзбекстанмен салыстырды және футболшылардың мансабы туралы пікірімен бөлісті.
«Жетістікке жетудің нақты кілті жоқ. Нәтижеге көптеген факторлар әсер етеді: бізде инфрақұрылым нашар дамыған, алаң және базалармен жабдықталған күшті академиялар аз – іс жүзінде жоқ десек те болады. Жаттықтырушыларды және басқа да маңызды элементтерді дайындау жүйесі жоқ. Мықты буын келгенде, команда үлкен турнирге қатысады. Бұл уақыт мәселесі. Біз барлығы бірден болғанын қалаймыз. Өзбекстан да бірден әлем чемпионатына шыға қойған жоқ. Ұзақ күтті: қателеспесем, екі рет әлем чемпионатына шығудың аз-ақ алдында тұрдық. Іріктеу кезеңдерінің бірінде Иорданиядан өз алаңында жеңілгені есімде, пенальти сериясы 15 соққыға дейін жалғасқан болатын. Яғни, олар әлем чемпионатына бірден шыққан жоқ», - деді Сабиров.
Ол сондай-ақ қазақ және өзбек ойыншыларының мансабындағы айырмашылықтарға тоқталды:
«Зайнутдинов Қазақстанда қалмай, Ресейге барды. Оразов та бірден еліне оралмай, өзін Еуропада сынап көрді. Кейбіреулері сәтті ойнап кетті, кейбіреулерінің жолы болмады. Барлық футболшылар ойнап кете бермейді. Мысалы, Шомуродовты алайық. Ол «Рома» сапында ойнады, содан кейін «Специяға», «Кальяриге» жалға берілді. Мықты шабуылшы болса да, оны «Рома» сапында тұрақты түрде ойнады деп айта алмаймын. Соңғы маусымнан кейін оны сонда қала ма деп ойлап едім, бірақ ол «Стамбул Башакшехирге» кетті.
Қазір Ресейде Өзбекстаннан келген бірде-бір легионер жоқ. Мысалы, Аббос жақында ғана ЦСКА-дан кетті. Бірақ Тимур Кападзе жетекшілік еткен Өзбекстанның Олимпиада құрамасы ғаламат нәтиже тіркеді. Олар Азия чемпионатында жеңіске жетіп, әлем чемпионатына жолдама алды, қазір барлығы шетелде өнер көрсетіп жүр. Бұл жүйелі жұмыстың жемісі. Олар бұл команданы құруды он жыл бұрын бастады: алдымен екінші лигада, сосын бірінші, одан кейін Суперлигада сынап көрді. Құрам үнемі жаңартылып отырды. Мұны өзбектердің өздері ойлап тапқан жоқ. Немістер, сосын Клинсманның қол астындағы америкалықтар осылай жұмыс жасады. Бұл он жылдық бағдарлама болатын»
Сабировтың айтуынша, Қазақстан да осылай жүйелі жолмен жүруі керек:
«Келесі жылы Қазақстан құрамасы алдыңғы қатардан көрінетін шығар. Адиевтің командасы Еуропа чемпионатына шығуға бір қадам жақын болды. Бұл жерде сәттілік те маңызды рөл атқарады. Бірақ ұлттық құрамаға қарасаңыз, жастар жоқтың-қасы. Барлығы ескі футболшыларға негізделген. Балтиев, Смақовтың кезіндегі команданы еске алып көріңіз – олар «өлгенше» ойнады. Жастар өте аз болды. Сол Вороговский, Зайнутдиновтарды ертерек тәрбиелеу керек еді. Мен ұлттық құрамада ойнап жүргенде Джалолиддин Машарипов енді ғана келген еді. Ол әлі күнге дейін ойнап жүр, бірақ айналасындағының бәрі жас ойыншылар. Жаныңда жас ойыншылар мен драйв бар кезде, ойнау оңайырақ болады»
«Жетістікке жетудің рецептісін ешкім білмейді. Бірақ бағдарлама болуы керек және сол бойынша қозғалу қажет», – деп түйіндеді экс-футболшы.
Олег Сабиров «Тобыл» сапында 2010 жылы Қазақстан чемпионы атанған, сонымен қатар Өзбекстан құрамасы сапында тоғыз матч өткізген.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 2 тамыз, 10:55
Усман Н’Диайе: қазақстандық футболшылар грузиндерден кем емес, тек оларға мүмкіндік беру керек
1
Ұлттық құрама 2 тамыз, 08:46
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының көшбасшысы: 2008 жылғы жігіттер болашағынан зор үміт күттіреді
2
Ұлттық құрама 1 тамыз, 13:55
Гончаренко – Зайнутдиновтың РПЛ-ға оралуы жайлы: Баха қосалқы құрамның ойыншысы емес
4Турнирлік кесте
Қазақстан. Премьер-лига
#
Команда
Ұпай
1

40
2

40
3

35
4

33
5

28
6

28
7

26
8

24
9

19
10

17
11

16
12

13
13

11
14

8
#
Команда
Ұпай
1

84
2

74
3

71
4

69
5

66
6

66
7

65
8

61
9

56
10

56
11

54
12

53
13

48
14

43
15

42
16

42
17

38
18

25
19

22
20

12
#
Команда
Ұпай
1

88
2

84
3

76
4

70
5

70
6

60
7

55
8

52
9

52
10

48
11

46
12

46
13

42
14

42
15

42
16

41
17

41
18

40
19

32
20

16
#
Команда
Ұпай
1

82
2

69
3

60
4

57
5

55
6

52
7

51
8

51
9

50
10

45
11

43
12

43
13

40
14

32
15

32
16

29
17

25
18

25
#
Команда
Ұпай
1

82
2

81
3

74
4

70
5

69
6

65
7

65
8

63
9

62
10

49
11

44
12

44
13

43
14

37
15

36
16

36
17

34
18

31
19

29
20

18
#
Команда
Ұпай
1

84
2

65
3

61
4

60
5

60
6

57
7

57
8

52
9

50
10

42
11

42
12

41
13

36
14

36
15

34
16

33
17

30
18

16