«Юнайтедтің» бұрынғы бапкері «Тұранды» тізгіндеді
6 августа, 13:44

Фото: Александр Поклонский
Түркістандық «Тұранның» жаңа бас бапкері болып украиналық маман Александр Поклонский тағайындалды, деп хабарлайды BorodAbata.kz.
Поклонский футболшы ретінде бірқатар украиналық клубтарда, соның ішінде «Прометей», «Таврия», «Ворскла», «Кристалл», «Подолье», «Днепр», «Кривбасс», «Заря» және «Нефтяник» сапында доп тепті. Әзербайжанның «Симург» клубында бір маусым өткізіп, Петропавлдың «Қызылжарында» да өнер көрсетті.
Поклонский Украина құрамасы сапында бір матчқа қатысқан, ал жастар құрамасында 10 ойын өткізген.
Футболшы ретіндегі мансабын аяқтағаннан кейін ол украиналық «Днепр», «Никополь» және «ВПК-Агро» командаларын жаттықтырды, сонымен қатар грузиялық «Самгурали» клубын баптады. Маманның соңғы жұмыс орны қырғызстандық «Мурас Юнайтед» болды.
Бұған дейін «Тұран» қатарынан алты матчта жеңілген Әбдіхалық Бөрібаевты қызметінен босатқан еді.
Читайте также
Главные новости
Турнирная таблица













































































































