Мәулен – ҚФФ-дағы бапкерлер туралы: беларусь пен молдовандар біздің жастарға футбол үйрете ме?
13 августа, 11:15

Фото: Ермұхаммед Мәулен
Ұлттық құраманың бұрынғы баспасөз хатшысы Ермұхамед Мәулен Қазақстан жасөспірімдер құрамаларының жаттықтырушылар штабына қатысты сын айтты. Бір апта бұрын YouTube-тегі «Aladop» арнасында ол U-15 және U-16 құрамаларында негізінен шетелдік мамандардың жұмыс істейтінін айтқан болатын, деп хабарлайды BorodAbata.kz.
Бұл жолы өз ойын толыққанды айтуды ұйғарып, ҚФФ-да техникалық директор қызметін атқаратын молдовалық маман Геннадий Скуртулуға шүйлікті:
«Молдовадан келген адам неге мұндай қызметте? Бізге «Сыған серенадасын» айтып бере ме? Сол кісінің тағайындауымен Ерлен Бекмұханов U-16 құрамасының бас бапкері, ал беларусьтік маман Юрий Мархель аға жаттықтырушы болды. Демек Беларусь пен Молдовадан жаттықтырушы әкелуді жалғастыра береміз бе? Өте күлкілі. Бұл елдер футбол жағынан бізден әлдеқайда озып кетті ме? Әрине, жоқ!»
Мәулен бір кездері Қазақстанға бұдан да атақты бапкерлер, атап айтсақ, англиялық Стюарт Холл мен голландиялық Реймонд Аттевелдтің келгенін еске алды. Ал қазір, оның айтуынша, біз беларусь пен молдавандарға үміт артып отырмыз.
Ол сондай-ақ ҚФФ президенті Марат Омаровқа сауал жолдады:
«Марат Талғатұлы, сіз не болып жатқанын білесіз бе? Мен сіздің жауыңыз емеспін, бірақ логикалық тұрғыдан ойлаңыз, Молдова мен Беларусь бізден соншалықты озып кетті ме, біз олардан не үйренуіміз керек? Бұл екеуі біздің футболды жаңа деңгейге шығарады деп ойлайсыз ба?»
Журналистің айтуынша, ол ҚФФ-да қазақстандық жаттықтырушылардың жұмысқа қабылданбағанын айтқан соң, федерация сынды басу үшін Ерлен Бекмұхаевты «көз бояу үшін» тағайындаған:
«Бұл баланы кәмпитпен алдаған сияқты болды ма? Егер сіздің Скуртулдан «өтінгеніңіз» осы болса, бұл жай ғана күлкілі», – деп жазды Мәулен.
Читайте также
Главные новости
Эксперт из Шотландии: удивительно, что дальше прошел «Кайрат», а не «Слован»
2Тесак — о проходе «Кайрата»: алматинцы сильнее хотели победить, чем «Слован»
3Турнирная таблица













































































































